«Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды

259
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Pm3aWDX7tWrmPE1LiB0Wd4EZr6DL226Q4s7BjE20.webp

Алматылық Асылым Өтепберген «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Адырна".

Бүгін, 3 қарашада өткен байқау нәтижесінде тікелей эфир барысында Асылымға 17 164 көрермен дауыс берген.

Байқау қорытындысы бойынша екінші орынды қостанайлық Әйгерім Қайпен иеленді. Ол 10 480 дауыс жинаған. Ал үшінші орынға 4 499 дауыс алған шымкенттік Сымбат Әбубәкір жайғасты.

Биылғы жеңімпаз Асылым Өтепберген – 20 жаста. Ол Алматы қаласының тумасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті. Сондай-ақ әлеуметтік желіде белсенді блог жүргізеді. Instagram парақшасындағы оқырмандарының саны 30 мыңнан асады.

Comments