Салық талаптары жиі өзгеріп отырады. Ал интернеттен сенімді әрі нақты ақпарат табу әрдайым оңай емес. Кәсіпкерлерге қолданыстағы ережелерді түсінуге Onlinebank қосымшасындағы Halyk салық көмекшісі жәрдемдеседі. Сонымен қатар қосымша арқылы жеке және қызметкерлер үшін салық төлеуге, берешекті өтеуге, айыппұлдар мен өсімпұлдарды төлеуге болады.
Ережелер өзгереді, ал қолайлылық сақталады
2026 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енуіне байланысты салық есептілігінің көлемі 30%-ға, салық түрлерінің саны 20%-ға қысқарды. Ал арнаулы салық режимдерінің саны үшеу болып белгіленді. Дегенмен, интернеттегі көптеген материалда бұрынғы талаптар әлі де кездеседі. Onlinebank қосымшасындағы жаңа функция – салық мәселелері бойынша ЖИ көмекшісі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Оның көмегімен салық берешегінің бар-жоғын тексеруге, салық мөлшерлемелері, төлеу мерзімдері, шегерімдер мен жеңілдіктер туралы білуге, сондай-ақ 2026 жылы енгізілген өзгерістердің өз бизнесіне қалай әсер ететінін анықтауға болады.
Halyk Bank арқылы жыл сайын 10 миллионнан астам салық және әлеуметтік төлем жүзеге асырылады. Салық төлеу қызметін 30 мың жеке кәсіпкер мен 50 мыңнан астам жауапкершілігі шектеулі серіктестік пайдаланып үлгерген.
Өзіңізге және қызметкерлеріңізге салынатын салықты бір қосымша арқылы төлеңіз
Жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз үшін немесе қызметкерлеріңізге салық төлеу үшін Onlinebank қосымшасындағы «Салықтар» бөліміне өту жеткілікті. Мұнда міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ), әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) арналған төлемдерді де аударуға болады. Заңнамада көзделген төлемдердің барлығын бір операция арқылы аудару үшін бірыңғай төлемді пайдалануға мүмкіндік бар.
Төленуге тиіс сомалар автоматты түрде есептеледі. Сондықтан мөлшерлемелер мен формулаларды өз бетіңізше қолданудың қажеті жоқ. Бұл артық немесе кем төлем жасау қаупін азайтады.
Есептеу кезінде тиісті салықтық шегерімдер мен жеңілдіктер де ескеріледі. Олар салық жүктемесін заңды түрде азайтуға мүмкіндік береді. Алайда кәсіпкерлердің барлығы бірдей мұндай жеңілдіктерді пайдалану құқығы бар екенін біле бермейді немесе олардың шарттарын зерделеуге уақыт таппайды.
Сондай-ақ Onlinebank арқылы салық берешегін өтеуге, айыппұлдар мен өсімпұлдарды төлеуге болады. Ол үшін төлем деректемелерін өз бетіңізше іздеп, банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ.
Бұл бизнеске не береді?
Onlinebank-тің салық сервистері кәсіпкерлерге күнделікті қайталанатын жұмыстарға кететін уақытты үнемдеуге және қателіктер қаупін азайтуға көмектеседі. Автоматты есептеу артық немесе кем төлем жасау ықтималдығын төмендетсе, берешекті тексеру төленбеген сомаларды уақытында анықтап, өсімпұл есептелмей тұрып өтеуге мүмкіндік береді.
Салық мәселелері бойынша ЖИ көмекшісі кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнаманы түсінуге, енгізілген өзгерістерден хабардар болуға және қолжетімді шегерімдер мен жеңілдіктерді ескеруге көмектеседі. Осылайша кәсіпкер қажетті түсіндірмені алып, салық төлеу рәсімін бір қосымшаның ішінде жүзеге асыра алады.
"For processing antelope and beef". The Chinese are asking for 100,000 hectares of land from the West Kazakhstan
