Ресей әншісі Украина қорғаныс министрлігінің тізіміне енді — БАҚ

237
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KrYll4MvadCB9WKQNa4tesIEPtRXp3v5PTQtElV0.jpg

Ресейдің халық әртісі Николай Басков Украина қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасы деректер базасына енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы аталған базаның ресми порталындағы мәліметтерде көрсетілген.

Портал дерегінше, әнші Ресейдің Украинаға қатысты саясатын қолдайды. Сондай-ақ оның Владимир Путин құрған Putin Team қозғалысына қосылғаны, әлеуметтік желілерде Ресей президентінің мерейтойына орай құттықтауын жариялағаны және ресейлік әскери қызметшілерді қолдауға арналған іс-шараларға тұрақты түрде қатысатыны айтылған.

Бұдан бөлек, 2022 жылғы желтоқсанда Николай Басков Ресей Қарулы күштерінің қажеттілігіне 1 миллион рубль аударған. Ал 2024 жылғы қарашада «Героям нашего времени» жобасының әскери операцияға қатысушылар мен олардың отбасыларын қолдауға арналған қайырымдылық концертін жүргізген.

Әнші әскери қызметшілер қонақ болған «Голубой огонек» телебағдарламасына да қатысқан.

Comments