Фото: DM
Франция президенті Эммануэль Макрон мен Исландия премьер-министрі Криструн Фростадоуттирдің кездесуі назар аудартты, деп хабарлайды "Адырна".
Оқиға Дублинде өткен Еуропа саяси қоғамдастығының отырысында болған.
Олардың амандасу сәті баспасөз өкілдерінің камерасына түсіп қалды.
Кездесу барысында Макрон Исландия үкіметінің басшысымен амандасу үшін еңкейіп, оны құшақтауға әрекет жасаған. Алайда Фростадоуттир бір қадам кейін шегініп, құшақтаудан жалтарған. Соған қарамастан, ол қолын Франция президентінің иығынан алмаған.
Жарияланған фотосуретте Исландия премьер-министрінің сәл ыңғайсыз күйде фотографқа қарағаны байқалады. Ал Макрон күлімсіреп, әңгімелесушісіне қарай еңкейген.
Бұл кездесу Еуропа құрлығы елдері басшыларының басын қосқан Еуропа саяси қоғамдастығының дөңгелек үстелі аясында өтті.
