Он жастағы балаға қатысты зорлық-зомбылық дерегі тергеліп жатыр

140
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Bo6mvaATV7WxtMG6ClMf3YeUtSbnYoJeT0rddyer.jpg

Фото: ЖИ

Қостанай облысында 10 жастағы балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасалды деген күдік бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Оқиғаға алтыншы сыныпта оқитын 11 және 12 жастағы екі баланың қатысы болуы мүмкін. Алайда олардың іске қатысы ресми түрде расталған жоқ.

Бұл туралы «НеМолчи.kz» қоғамдық қоры ақпарат таратқан. 

Ұйым өкілдерінің хабарлауынша, олар аталған оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті мен прокуратураға өтініш жолдаған.

Қор өкілдері аудандық полиция бөлімінің басшысы қылмыстық істің жабылуы мүмкін екенін айтқанын жеткізді. Ұйым мұндай шешім балалардың жасына байланысты қабылдануы мүмкін деп қауіптеніп, істің жан-жақты әрі толық тергелуін талап етіп отыр.

Сонымен қатар қоғамдық қор жәбірленген баланың анасына қысым көрсетілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Ұйым өкілдері отбасыға ықпал етуге, оларды қандай да бір шешім қабылдауға мәжбүрлеуге және тергеу жұмыстарына кедергі келтіруге жол бермеу қажеттігін атап өтті.

Қостанай облыстық полиция департаменті оқиғаның Қамысты ауданында тіркелгенін растады. Ведомствоның мәліметінше, 16 қарашада осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Comments