Ең төменгі жалақы – 110 мың теңге. Құрылтай заң қабылдады

336
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dyvWoas2gcCgBa6LlKhMSauZfWIdSLOsIQ08j2q2.jpg

Сурет: advantour.com

Бүгін, 18 қарашада Құрылтай депутаттары 2027–2029 жылдарға арналған «Республикалық бюджет туралы» заңды қабылдады. Құжатта ең төменгі жалақыны көтеруге қаражат бөлу көзделген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Заң жобасын Құрылтайда қарау барысында депутаттар мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыруға бағытталған түзетулерді қолдады. Соған сәйкес, 2027 жылғы бюджет шығыстарына қосымша 75,9 млрд теңге қарастырылды. Бұл қаражат ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін арттыруға бағытталады», – делінген заң жобасының түсіндірмесінде.

Сонымен қатар алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 20 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Қосымша қаржыландыру көздері ретінде президент пен Үкімет резервтері, сондай-ақ мемлекеттік борышқа қызмет көрсету шығындарын қысқарту қарастырылған.

Ең төменгі жалақы соңғы рет 2024 жылғы 1 қаңтарда көтерілген еді. Сол кезде оның мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін өскен болатын.

Comments