Ташкенттегі каналдан қолтырауын табылды

248
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CfUAtll51sMz4QoK7vIVOkyvEk0HgTIdGyWF5tWq.webp

Ташкенттегі Қарасу каналынан Ніл қолтырауыны табылды. Ол оңалту үшін Ташкент хайуанаттар бағына тапсырылды. Бұл туралы Өзбекстанның Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, бауырымен жорғалаушының табылғаны туралы ақпарат Экологиялық аумақтар мен аңшылық шаруашылығын дамыту департаментіне түскен. Оқиға орнындағы мәлімет Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитет пен Ташкент хайуанаттар бағының мамандарымен бірлесіп тексерілген. Нәтижесінде каналдан Ніл қолтырауынының табылғаны расталған. Мамандар бауырымен жорғалаушының қатты тоңып, ауыр жағдайда болғанын айтқан.

Қазіргі уақытта Ніл қолтырауынының Өзбекстан аумағындағы су айдынына қалай тап болғаны анықталып жатыр.

Ведомство өкілдері 2024 жылғы 5 қарашадағы №736 Үкімет қаулысына сәйкес, жеке тұлғаларға жабайы жануарларды, соның ішінде қолтырауындардың барлық түрін жартылай еркін жағдайда, жасанды тіршілік ету ортасында немесе тұтқында ұстауға тыйым салынғанын еске салды. Сондай-ақ оларды цирк қойылымдарында пайдалануға да рұқсат етілмейді.

Comments