Мектеп оқушысының зорлануына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

288
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5eWDzzTAMCkB4r6PCqBXgSpqVfFUsmX7gqav04a0.jpg

Фото: ЖИ

5-сынып оқушысына қатысты болуы мүмкін сексуалдық зорлық-зомбылық дерегі бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Оқиға Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде болған.

Информбюро дерегінше, жәбірленуші тараптың адвокаты істің жан-жақты әрі әділ тергелуін, сондай-ақ іске қатысы бар делінген кәмелетке толмаған балалардың құқықтары сақталуын талап етіп отыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 11 жастағы баланың мектеп аумағында зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпарат тараған еді. Адвокаттың мәліметінше, күдікті ретінде аталған балалар жәбірленушінің сыныптастары. Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Ақтөбе облысы заң консультанттары палатасының мүшесі, заңгер Дамир Мұраттың айтуынша, оқиғадан кейін балалар мектепке бармай, үйде отыр. Олардың оқуын қалай жалғастыратыны әзірге белгісіз. Себебі шағын ауыл мектебінде жәбірленуші мен оқиғаға қатысы бар делінген балалардың қайта кездесуі мүмкін.

Заңгер бұл мәселе бойынша мектеп әкімшілігі мен директорына жүгінгенімен, әзірге нақты жауап ала алмаған.

Оның сөзінше, істің қозғалуына оқу-ағарту министрлігінің араласуы ықпал еткен. Ведомство жәбірленушінің отбасына қолдау көрсетіп, балаға психологиялық көмек ұйымдастырған.

Аталған факті бойынша кәмелетке толмаған адамға қатысты адамдар тобы жасаған сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері дерегімен қылмыстық іс қозғалған.

Жәбірленушінің анасы көмек сұрап, Ақтөбе облысындағы заңгерге жүгінген. Заңгердің мәліметінше, қазір қылмыстық іс прокуратураның бақылауында.

Comments