Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева классикалық шахмат бойынша үздік деп танылды, деп хабарлайды “Адырна”.
Ол халықаралық шахмат федерациясының жаңартылған рейтингінде әлемнің үздік бес спортшысының қатарына қосылды.
Жаңартылған онлайн-рейтингте Бибісара Асаубаева жетінші орыннан бесінші сатыға көтерілді. Оның рейтингі 5,4 ұпайға артып, 2537,4 балға жетті. Соңғы бір жылда қазақстандық шахматшы жалпы 24,4 ұпай жинаған.
«Биыл классикалық шахматтағы жарыстарымды жақсы нәтижемен аяқтап жатырмын», – деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, Будапештте өткен турнирде Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингтің көшбасшысы, норвегиялық Магнус Карлсенмен бірнеше партияда кездескен. 17 қарашада Карлсен блицте қазақстандық шахматшыны үш рет жеңіп, бір партияны тең аяқтады. Сондай-ақ рапидте өткен екі кездесуде де басым түсті.
Алайда норвегиялық шахматшы турнирдің шешуші кездесуіне қатысудан бас тартты. Бұл партияда жеңімпазға сегіз ұпай берілетін еді. Белгіленген уақыттың аяқталуын күткен Бибісара Асаубаева техникалық жеңіске қол жеткізді.
The 80th Anniversary of the Great Victory. 2.5 Billion Tenge to Be Allocated for the Military Parade
