Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "СҚ-Фармация" ЖШС басшысы Ерхат Есқалиев айына қанша жалақы алатынын қазақ тілінде айта алмай сынға ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Брифинг барысында БАҚ өкілі "СҚ-Фармацияға республикалық бюджеттен, атап айтқанда МӘМС қорынан қаражат бөлініп отырғананын еске салып, қазіргі нарықтағы қымбатшылыққа байланысты Ерхат Есқалиевтің "СҚ-Фармация" басшысы ретінде жалақысы қанша екенін және қазақ тілінде жауап беруін сұрады. Ал "СҚ-Фармация" басшысы оған қазақ тілінде жауап бере алмады.
Видеоны Телеграм арнамыздан көре аласыз."Менің жалақым 1 миллион 404 мың теңге. Қолға аламын", - деп орыс тілінде жауап берді Ерхат Есқалиев.
“Адырна” ұлттық порталы
Related news
Let them go with their guests." The deputy governor of Mangistau region was absent during the government hours
Kazakhstan can become one of the attractive destinations for Chinese tourists". President's opinion on the visa-free regime with China