Қазақстанда өткен тәулікте 478 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Атап айтсақ:
Нұр-Сұлтан қаласында - 95, Алматы қаласында - 52, Ақмола облысында – 59, Ақтөбе облысында – 16, Алматы облысында - 2, Жетісу облысында - 3, Атырау облысында - 19, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Абай облысында - 4, Жамбыл облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 35, Қарағанды облысында - 83, Қостанай облысында - 45, Қызылорда облысында - 3, Маңғыстау облысында - 21, Павлодар облысында - 17, Солтүстік Қазақстан облысында - 13, Түркістан облысында - 5.Өткен тәулікте коронавирусты 740 адам жұқтырған еді. Республика бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 384 027 адамға жетті.