Тоқаев күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды

1898
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/toқaev-960x500.jpg?token=bb31aa2d9cf74432cd602cc30257dcb3
Қасым-Жомарт Тоқаев күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады»,— деді ол.
Comments