Руслан Баймишев қызметінен босатылды

4309
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/55df7637-f045-46e9-82ad-d5532d41a906.jpeg
Үкіметтің қаулысымен Руслан Нұрашұлы Баймишев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Руслан Баймишев 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Фемида» заң академиясын, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған. 2008-2016 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоинформ» республикалық геологиялық ақпарат орталығында түрлі қызметтерді атқарды. 2016-2019 жылдары – Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры; 2019 жылғы желтоқсаннан қазіргі кезге дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды.

”Адырна” ұлттық порталы

Comments