Жезөкшелікпен айналысуға арналған төрт притон анықталды (ВИДЕО)

2316
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/179760eb-cbdf-4d92-af93-23ea32360044.jpeg
Алматы полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған төрт притонды анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Притондардың барлығы жеке коттедждер сияқты көрінген. Бір қарағанда басқалардың назарын аудармайтын қарапайым үй.
– Іс жүзінде олай емес. Мұнда түнгі өмір қызу жүріп жатыр: өздерін массаж шебері ретінде таныстыратын қыздар клиенттеріне интимдік қызмет көрсеткен. Осы рейдтің нәтижесінде 40 адам ұсталды. Олардың әрқайсысының жеке басы кез келген қылмысқа немесе құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы біздің жазбаларымызға сәйкес тексерілді. Оларға ҚР ӘҚбК-нің 449-бабына және ҚР ӘҚбК-нің 492-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Ал жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынғаны үшін мекеме қожайындары ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы жауапқа тартылды, – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Сонымен қатар, аудандық бөлім басшысы демалыс күндері полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемелерінде кальян шегу деректерін де тексергенін атап өтті. 57 заң бұзушылық анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылды. https://youtu.be/I5Wh0qvEILg
Comments