Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында синтетикалық есірткі сатушы ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Облыстық есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өздеріне жүктелген арнайы операцияны сәтті аяқтады. Нәтижесінде полицейлердің жедел әрекетінің арқасында 49 жастағы Талдықорған тұрғыны құрықталды. Ол синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Күдікті есірткінің біршама дозасын өткізу кезінде қылмыс үстінде қолға түскен.
Аталмыш азаматтың тұрғылықты жерін тінту барысында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткінің бес пакетін тапқан.
Айта кетейік, ер адам бұған дейінде осы сипаттағы қылымысы үшін істі болған. Ол 2016 жылы есірткі сатуға байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, жазасын түзеу мекемесінде өтеген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабымен қарастырылған "есірткі заттарын өткізу" бойынша қылмыстық ісі тіркелді. Ұсталған талдықорғандық қамауға алынды.
Жалпы жыл басынан бері Жетісу облысында заңсыз айналымнан 28 кг түрлі есірткі, оның ішінде 3 кг "синтетика" тәркіленіп, 22 есірткі сатушы ұсталды.
Related news
"49 millions tenge": Yerbol Azanbek calculated how much it would cost to participate in the one-mandate district elections