Өзбекстанның Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 27-саммиті басталады. Саммитке көптеген елдің басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылған. Кездесуде аймақтық, сонымен қоса жаһандық маңызы бар мәселелер талқыланбақ деп, хабарлайды "Адырна".
Саммит аясында В. Путин Үндістан басшысымен пікір алысып, Украина-Ресей соғысына қатысты пікір білдірді. Пікір алмасу үстінде Ресей президенті Украина тарабымен ымыраластыққа жетуге даяр екендіктерін ашық айтады.
Біз мұның бәрінің тезірек аяқталғанын қалаймыз. Десе де, өкінішке қарай, қарсы тарап, оның басшылығы, келіссөзден бас тартып, өз мақсаттарына ұрыс даласында жетеміз деп табандап отыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The first Inter-Parliamentary Forum of the Central Asian States is taking place in the city of Turkestan
Attack in Lebanon. The Ministry of Defense provided an update on the condition of Kazakh peacekeepers
