Орал қаласында Ресейден келген 3 дәрігер жұқпалы аурулар ауруханасына жұмысқа тұрды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Біздің білікті мамандарға іздеу салғанымызға көп болды. Егер біздің дәрігерлер мен сырттан келген мамандарды бір ортаға топтасақ, сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймын", - деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.
Самара, Мәскеу, Новороссиядан келген мамандар бір ай ішінде өз қызметіне кірісетін болады.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The number of antelope in the country will be reduced by 80,000, and permission will be given to shoot them
