Петропавл әкімдігінің ғимаратына 1 млн теңгеге душ кабинасы орнатылады

5030
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/3b8ef19f-3d3d-4cba-a96f-6b2e90e17862.jpeg
Петропавл қаласының әкімдігі мемлекеттік тапсырыстар порталына 3,6 миллион теңге болатын жаңа лот орналастырған. Алайда жөндеу жұмыстарына арналған қаржының 1 миллион теңгесі қымбат душ кабинасын сатып алуға жұмсалмақ. Бұл туралы Петропавлск.news. жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәлімет бойынша, әкімдік ғимаратының 4-қабатына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал жұмыстың негізгі мақсаты – ұзындығы 1,5 метр, ал биіктігі 2 метр болатын душ кабинасын орнату.  
“Мүмкін онда қазір сауна бар шығар? Әкімдік туралы тағы нені білмейміз?” - делінген басылымда.
Бөлінген қаржының 1 миллион теңгесі жұмысшылардың жалақасына, 1,5 миллион теңгесі құрылыс материалдарына, ал 848 мың теңгесі (қосымша шығындармен қоса есептегенде, бұл қаржы 916 мың теңгеге жетеді) душ кабинасына арналған.

”Адырна” ұлттық порталы

Comments