Бір айдың ішінде қазақстандықтар ақша аудару жүйесі арқылы түрлі елдерге 103,2 млрд теңге жіберген. Бұл бір ай бұрынғыдан 25,3 млрд теңгеге немесе 35%-ға артық, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қазақстаннан Түркияға трансферттер көбейіп барады. Жыл басынан бергі 8 айда ол жерге 163,1 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. Ал тамыз айында бұл көрсеткіш рекордтық көрсеткішке жетті – 27 миллиард теңгеден астам. Бұл шілде айымен салыстырғанда бір жарым есе және 2021 жылдың тамызымен салыстырғанда 50 пайызға артық.
Тәжікстанға аударымдардың тарихи максимумы да жаңартылды. Бірақ мұнда сомалар әлдеқайда қарапайым – айына шамамен 2,6 млрд теңге.
”Адырна” ұлттық порталы
Related news
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
