АҚШ Президенті Джо Байден еліндегі мұнай бағасының шарықтауына Ресей мен Сауд Арабиясын кінәлады. Бұл жайлы Volvo Group зауытында өткен ұлттық экономиканы дамытуға қатысты жиында айты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
АҚШ Президенті, мұнымен қоса, баға құлдырауына қалқан қою үшін еліндегі жұмыс орнын көбейтіп, компаниялар қызметін жандандыру мақсатында инвестиция тартатындығымен сөзін түйіндеді."Жанармайдың бағасын 1,6 доллардан төмен түсіре алмай отырмын. Оның бағасы Ресей мен Сауд Арабиясының кесірінен ұдайы артып келеді. Сонымен қатар, рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмектің, денсаулық сақтау саласы және энергетиканың бағасы алдағы уақытта артады", - деді Байден.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Department of Almaty city regularly holds receptions of citizens to increase legal literacy of consumers
Euro-cooperation: France plans to build a nuclear power plant in Uzbekistan, from which it imports uranium
