“Петропавл - тарихи Ресейдің жері” деген жасөспірімдерді іздестіру басталды

11236
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/vezd_v_petropavlovsk-1-1.jpg

"Чат Рулетка" қосымшасында Қызылжар аймағын Ресейдің тарихи жері екенін айтып, қазақстандықтарды Ресейдің мүддесі үшін соғып жатыр деген екі жасөспірімді іздестіру басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "ҚазТАГ"-қа сілтеме жасап.

Қоғамда қайшылық туғызған видео "inter vata" ютуб арнасында жарияланды. Чатта болған әңгімеде жасөспірімдер:
"Қазақстандықтардың бәрі "Ресей жасасын!" деп айғайлайды... Петропавл кезінде Ресейдің губерниясы болған...Біз - Қазақстаннанбыз, бірақ бұл біздің, орыстың, жері", - дейді.
Сонымен қатар, чатрулетка қолданушылары президент ретінде Тоқаевты емес, Путинді мойындайтындықтарын жасырмады. Олардың сөзіне сенсек, қазақстандықтар тегіс Ресей мүддесі үшін соғысып жатыр-мыс. Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде ойына келгенін айтып, жаңсақ түсінік таратқандарға қатысты деректерді ұлттық қауіпсіздік комитеті зерттеп жатыр.
"Бұған қатысты деректер облыстың ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолданды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

"Адырна" ұлттық порталы 

 
Comments