Тоқаев Палестина Президентімен кездесті

2390
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/41e84ccc-1437-4ac0-9af2-c0c7373cc12c.jpeg
Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК саммиті аясында Палестина Президенті Махмуд Аббаспен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты.
Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді. Өз кезегінде Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Палестина Президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенімді.
Comments