АҚШ жуық арада Украинаға көмек көрсетуді сиретуі мүмкін, алайда бұл Еуропа үшін үлкен проблемаға айналады. Мұндай болжамды қытайдың Global Times басылымы жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"АҚШ-тың арандатуымен болған Украина дағдарысы Еуропа елдерінің тынысын тарылтты. Еуропа аймағындағы инфляция бұрын-cоңды болмаған деңгейге құлдырады, энергетикалық дағдарыс тереңдеді", - деп жазды басылым. Оның үстіне, автордың пайымдауынша, қарашада өтетін АҚШ-тағы сайлау Еуроодаққа еселенген соққы жасайды. Бұған қатысты: "Еуропаның ''көрер қызығы" әлі алда", - деп жазды басылым.АҚШ Украинаны әскери жабдықтармен және қаржылай қолдап отыр. Бұған дейін Ақ үйдің Киевке жалпы сомасы 275 миллион долларды құрайтын жаңа пакет жолдайтыны хабарланған еді.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Do not go to Israel and Lebanon - the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan made an appeal
“Marks of a rope were found on his body.” The brother of the officer who passed away in Zharkent shared his thoughts