4 жылға сотталған бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев 2,5 айдан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Шенеунік 2021 жылдың қыркүйегінде Қаржы министрлігінің жобаларын цифрландыруды қарастыратын тендерде «Әл-Фараби Partners» ЖШС жеңіске жеткені үшін Байбосынов пен Бұхарбайдан 1,2 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталған еді. Алайда 81 күннен кейін сот бұл жазаны өзгертіп, Еңсебаевқа 66 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды. Бұл шешімді елордалық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы қабылдаған.
Related news
If you approach the production, they will organize pressure from Russia in various ways - Abzal Kuspan