Қарағанды өңіріндегі шахтада апатты жағдай болып, 4 адам қаза тапты

3555
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/1594453195_9446112.jpg
Қарағанды өңіріндегі шахтада апатты жағдай болды. Суыт оқиғаның салдарынан төрт адам қаза тапты. Тағы бір жұмысшы іздестіріліп жатыр. 106 жұмысшы эвакуацияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қарағанды ​​облысындағы Ленин атындағы шахтада кеше түнде газ шықты. Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
"3 қараша күні шамамен түнгі сағат 3.00-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Митал Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында газды дренаж скважиналарды бұрғылау жұмыстарын жүргізіледі.  Жұмыс барысында газ шығу салдарынан 4 жұмысшы қайтыс болды. Тағы бір жұмысшыны іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 4 жұмысшы ауруханаға жатқызылды", - деді өкіл.
Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталы. Оқыс жағдайдың себеп-cалдары жан-жақты қарастырылып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments