Астана қаласында 14-қабаттан екі жұмысшы құлап, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«11 қараша күні Астана полициясына жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Мән-жайларды анықтау барысында тұрғын үй кешенінің 14-ші қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшының жерге құлағаны анықталды. Алған жарақатынан құлағандардың бірі сол жерде қайтыс болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды»,—делінген хабарламада.Айта кетейік, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.