Президенттікке үміткерлер арасында теле-тартыс өтті. Қарақат Әбденге телевизиялық дебат барысында шымкенттік көрермен сауал қойды. Ол президенттіктен дәмелі жаннан қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығып, өзге ұлтпен отау құруына қалай қарайтынын сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ұлт ұясын ұлғайтып, қазақы тегін сақтайтын аяулы жандарға құрметі ерекше жоғары Қарақат Әбден шетелдіктердің етегінен ұстап, қаржылық қызығушылыққа бола шекара асатын қазақ қыздарына салық салуды ұсынды:
- Осындай жағдайда жастар сезімге беріледі. Мен оларға «Бақытты бол» дегім келеді. Бірақ соңғы кездері бұл қадамға есеппен баратын жастар көбейіп барады. Әртүрлі есептеулер: олар шетелдегі өмірге қызғанышпен қарайды. Бірақ біз салт-дәстүрді сақтау тұрғысынан қарауымыз керек. Қыздар - біздің құндылығымыз! Оларды шетелге қалай береміз? - деп ашынды үміткер.Кейіннен шетелдік жігітпен көңіл жарастырғысы келетіндердің некелерін заң шеңберінде реттестіру жайын сөз етті.
- Шетелдікке тұрмысқа шыққысы келетіндерге салық салуды ұсынамын, содан кейін қыздар мен олардың ата-аналары ойланатын шығар, - деді Қарақат Әбден.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
"Let the compensation be paid in cash." The people of Kulsary gathered in front of the mayor's office
салық
қазақ
шетелдіктер
Қазақ қызы
заңнама
Шетелдік
тек
Қарақат Әбден
тектілік
қан тазалығы
шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақ қызы