Путин Ресей армиясының беделін түсіріп, халықты аумақтық тұтастықты бұзуға шақырған адамдарды РФ азаматтығынан айыруды ұсынды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Путин келесі себептер бойынша оларды азаматтықтан айыруды ұсынып отыр:
- армияның беделін түсіру;
- қалаусыз ұйымның қызметін жүзеге асыру;
- армия туралы жалған ақпарат тарату;
- аумақтық тұтастықты бұзуға шақыру;
- экстремизмге шақыру;
- мемлекет қайраткерінің өміріне қол сұғу;
- қарулы көтерілісті ұйымдастыру;
- Мемлекеттік Елтаңба мен Туды қорлау;
- қарақшылық, тонау, пара алу, бұзақылық және басқалары.
"Адырна" ұлттық порталы