Мұхтар Шаханов өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтты. Бұл туралы ол видео жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Мен өз үйімде отырмын. Мына жерде менің кітаптарым, түрлі адамдармен түскен суреттерім бәрі тұр. Мен туралы өсек таратқандарды кешірмеймін. Оларды керек болса, сотқа беремін. Өйткен себебі, менің әйелім Ханшайым бар кезде мен дегенде ішкенасын жерге қояды. Сол әйелімнің арқасында Құдайға шүкір, осылай аман-сау келе жатырмын.
Сондықтан маған былапыт сөздер айтып, менің абыройымды төккен адамдарды керек десе, халықаралық сотқа беремін”,- деді видеода Шаханов.
Айта кетейік, “Мұхтар Шахановты қарттар үйіне тапсырыпты” деген жалған ақпарат тараған болатын.
Related news
The 100th anniversary of Berdibek Sokpakbaev and Nurgisa Tilendiev will be celebrated at the level of UNESCO
If you approach the production, they will organize pressure from Russia in various ways - Abzal Kuspan
