"Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны" мақалалар байқауының жеңімпаздары анықталды

3322
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2018/11/Bez-nazvaniya-8-960x500.jpg?token=523b5d0e9954219df6c69f220b0f1f8f
«Адырна» порталының Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп  ұйымдастырған «Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны» атты мақалалар байқауының қорытындысы анықталды. Байқауға еліміздің барлық өңірінен 30 дан аса мақала қатысты.  Тәуелсіз сарапшылар байқау шарттарын есепке ала отырып, бірінші кезекте авторлардың салт-дәстүріміздің мән-мазмұнын терең түсінуіне, нақтылыққа құрылған дерек-дәйектерді қолданып, ізденіспен мақала жазуына ерекше назар аударды. Жүлдегерлер төмендегідей: І-орын – Азамат Қасым ІІ-орын – Қуандық Шамахайұлы ІІ-орын – Ерболат Мамырайхан ІІІ-орын – Нұргелді Әбдіғаниұлы ІІІ-орын – Бекет Өтеген ІІІ-орын – Айгүл Қоқай ІІІ-орын – Таңшолпан Бегалықызы Орын алғандардан бөлек, бес адам – Алмагүл Жаппасқызы , Мәрия Майлықұтова, Жақсылық Ғибадат, Жұлдыз Жамбылқызы, Еркежан Әнуәрбек ізденімпаздығы үшін ынталандыру сыйлығына ие болды.
Comments
Other materials