Жетісу облысының әкімі тұрғындармен кездесуі барысында, залда отырған ер адам «Тоқаевқа дауыс берейік!», деп айқайлап, елдің назарын аударды. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Барлығыңыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс беріңіздер, оны президент етіп сайлайық. Сол кезде біз жақсы мемлекет боламыз!»,- деді ер адам.Айта кетейік, Қазақстанда 20-қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бастапқыда үміткер ретінде 12 адам өтініш жіберген болатын, алайда Орталық сайлау комиссиясы оның алтауын ғана тіркеді.
Related news
A trial has begun in Almaty against those who killed mentally ill people and appropriated their property
The President of the Czech Republic has granted permission for 60 citizens to join the Ukrainian military
