Кезектен тыс президент сайлауында 8,2 млн-нан аса қазақстандық дауыс берді. Бұл Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 20.00-дегі мәлімет бойынша республиканың 8 282 607 азаматы бюллетень алды. Ол – тізімге енгізілген азаматтардың 69,31%-ы”, - деді ОСК хатшысы.Оның ішінде:
- Абай облысы – 80,18%,
- Ақмола облысы бойынша – 78,87%,
- Ақтөбе облысы – 72,20%,
- Алматы облысы – 72,10%,
- Атырау облысы – 70,87%,
- Батыс Қазақстан облысы – 67,77%,
- Жамбыл облысы – 79,57%,
- Жетісу облысы – 81,43%,
- Қарағанды облысы – 78,39%,
- Қостанай облысы – 79,28%,
- Қызылорда облысы – 80,31%,
- Маңғыстау облысы – 66,18%,
- Павлодар облысы – 77,58%,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 78,24%,
- Түркістан облысы – 80,37%,
- Ұлытау облысы – 75,48%,
- Шығыс Қазақстан облысы – 79,49%,
- Астана қаласы – 48,67%,
- Алматы қаласы – 28,72%,
- Шымкент қаласы – 59,79%.
Related news
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
The construction of the National Sports University will be entrusted to a company from Switzerland for 127 billions tenge