Қазақстан Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтап, сайлаудың әділ өткенін мәлімдеді. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.
"Құрметті қазақстандықтар! Кезектен тыс өткен президенттік сайлаудың Exit poll нәтижесі шықты. Бұл саяси додада жеңіске жеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын шын жүректен құттықтаймын. Ашық та әділ өткен бұл сайлау еліміздегі демократияның айқын көрінісі болды. Ел жүгін арқалау – өте үлкен жауапкершілік. Ардақты ағайын, бүгін елімізге бірлік пен береке ауадай қажет. Сондықтан ел тізгінін қолға алатын Қасым-Жомарт Кемелұлына шабыт пен қажымас қайрат тілеймін!", - деді Қарақат Әбден.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The Kazakh country collected 150 tons of humanitarian aid to Turkey, which suffered from an earthquake
"Those who have not been vaccinated will not be allowed to work": a new decree of the Chief Sanitary Inspector has been issued
