Украинамен шектесетін Брянск облысының Сураж ауданында сәрсенбіге қараған түні мұнай өнімдері бар резервуарлар өртенді. Бұл туралы облыс губернаторы Александр Богомаз мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
”Өрттің ауданы - 1800 шаршы метр. Өрттің себебін губернатор нақтыламады. Оқиға орнына өрт сөндіру пойызы мен ТЖМ аэроұтқыр тобы жіберілді”, деп қосты Богомаз.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Таңертең ТАСС төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасай отырып, дизельдік резервуарды шарпыған өрттің ауданы 4000 шаршы метрге жеткенін, яғни екі есе өскенін хабарлады. Өрт сөндірілді.
Related news
“The President is keeping the situation under control.” Akorda issued a statement about Ukraine during the night