Қарағандыда жер үйлердің бірінде 50 литрлік газ баллоны жарылып, 70 жастағы ер адам мерт болды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
1953 жылғы әйел адам мен 2014-ші жылғы бала ауруханаға түскен. Өрт сөндірушілерге жарылыс туралы ақпарат сағат 12:20 шамасында жеткен, 13:10 кезінде өрт сөндірілді. Ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмған.
«Қалған екі науқастың жәй-күйі орташа ауыр», - дейді дәрігерлер.Қазір мамандар өрттің шығуына нақты не себеп болғанын анықтау үшін сараптама тағайындаған.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
700 facilities for first medical and sanitary assistance will be built in villages and district centers
