Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев шөберелі болды. Оның күйеу баласы, Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың немересі дүниеге есігін ашты. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.
Құлыбаев әулетіндегі перзенттің дүниеге келгені жайында танымал спортшылар жапа-тармағай құттықтап, желінің "бетін бермей" кетті. Сондай-ақ, дзюдошы Әбиба Әбужақынова да өзінің Instagram парақшасына Назарбаев әулетіне өзінің кіршіксіз құттықтауын жеткізді. Алайда кейіннен ол құттықтауын өшіріп тастады.
«Құрметті Тимур Асқарұлы, немереңіздің бауы берік, денсаулығы мықты болсын! Біз сияқты мықты спортшы болсын», - деп жазған еді спортшы өз парақшасында.Қазақ елінің азаматтары оның жарқын болашағына кәміл сенімді. Бірі бауы берік болсын деген тілегін айтса, бірі қаралап жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев
Тимур Құлыбаев
қазақстан азаматтары
Назарбаев әулеті
қазақ елі
шөбере
шөберелі болды
құлыбаев қылмысы