Синоптиктер Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жариялады

3736
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/522b156a-c526-4e7d-9165-0e8b96726d8e.jpeg
Синоптиктер Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с, 26 желтоқсанда түнде екпіні 25 м/с-қа дейін барады. Тараз қаласында бұл күні кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады Қазгидромет.
Түнде Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші облыс орталығында 15-20 м/с болады деп күтіледі. Түнде Қызылорда қаласында шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с болады. Оңтүстікте, Түркістан облысының тау бөктерінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аймақтарда екпіні - 15-20 м/с жетеді.
Comments