Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақордаға мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Аталған заң жобасына сәйкес әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып қалады.
“Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.Бұдан бөлек заңнамада “жастар” санатына енгізілген өзгерістер де қарастырылған. Енді 35 жасқа дейінгі барлық азаматтар “жастар” болып саналады.
Related news
The Development Bank of Kazakhstan, which enriched the Nazarbayev dynasty, will be radically reformed