Зымырандардың атқылауынан Украинаның қуат нысандары қатты зардап шегіп жатыр. Тұрғындар электр жарығынсыз қалды. Бұл туралы президент Владимир Зеленский айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, бейсенбідегі Ресейдің әуе шабуылдарынан кейін электр жарығы өшіп қалған.
Жағдай Киев, Львов, Одесса, Херсон қалалары мен Винница мен ЗакарПатье облыстарында күрделі деп бағаланып отыр.
Айта кетейік, Ресей әскерилері Украинаның энергетикалық жүйесіне бірнеше айдан бері соққы беріп жатыр. Украиналықтар шет елдерден генераторларды жаппай сатып алуға көшті. Ел Үкіметі генератор, трансформатор және аккумуляторларды Украинаға баж бен қосымша құн салығынсын тасымалдауға рұқсат берді.
Related news
Do not go to Israel and Lebanon - the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan made an appeal
The situation was serious. A three-year-old baby bathed in a fountain was brought to the intensive care unit