Әділет вице-министрі қызметінен босатылды

3316
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/photo_54789.png

ҚР Үкіметінің қаулысымен Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Әділет вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Джордж Вашингтон Университеті жанындағы Заң мектебін (АҚШ) тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы «Жастар таңдауы» ҚҚ заңгер болып бастаған. 2009-2010 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2010 жылғы қазан айынан бастап ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 2019 жылдың наурыз айынан бастап – ҚР Әділет вице-министрі.

"Адырна" ұлттық порталы 

Comments
Other materials