Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтеді.

3364
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/afisha.jpg
2023 жылдың 21 қаңтарында, сағат 18:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, танымал қазақстандық ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің «НАЕДИНЕ СО СЦЕНОЙ» концерті өтеді. Бағдарламада: Й. Гайдн. op.74 № 1 квартеті Ф. Мендельсон op. 12 № 1 квартеті Н. Тілендиев. Арман Жайым өңдеуінде «Аққу» Квартеттің құрамы: Ернар Мыңтаев (виолончель), Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка), Алексей Лебедев (екінші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт). Көркемдік жетекші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments