Назарбаев «Құрметті сенатор» атағынан айырылды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
- «Құрметті сенатор» атағы бұған дейін бір-ақ адамға (ред. Назарбаевқа) ғана берілген. Енді Заңдарда «Құрметті сенатор» деген атақ жоқ. Бұл сенат регламентіне кезінде кіргізілген өзгеріс болатын. Біз оны регламенттен алып тастадық. Ары қарай ондай атақ ешкімге берілмейді. Өйткені, бізде ондай құқықтық негіз жоқ, алып тастадық. Кезінде солай болған. Қазір ондай атақ жоқ, болмайды", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
Қазақстан
саясат
Нұрсұлтан Назарбаев
Назарбаев
парламент
сенатор
атақ
сенат
#мәулен_әшімбаев
Ашимбаев
мәртебе
