Алматыда ер адамды зорлаған күдіктілер ұсталды

4772
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/72415bce-ee8d-4b0f-a2b4-06819a0adc50.png
Алматыда 30 жастағы ер адамды зорлап кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Жәбірленуші 15 қаңтарда полицияға арызданған. Айтуынша, бір күн бұрын ол жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне ұшыраған.
«Бұл дерек ҚР ҚК-нің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды. Күдіктілер "ізін суытпай" ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандар 2001 және 2003 жылы туғандар. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ»,—деп түсіндірді ведомство.
Сондай-ақ полиция қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын атап өтті.
Comments