24 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мәулен Әшімбаевтың және бірқатар Қазақстан Республикасы Парламенті сенаты депутаттарының өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаттары:
- Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың;
- Владимир Васильевич Волковтың;
- Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың;
- Нұртөре Байтілесұлы Жүсіптің;
- Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның;
- Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың;
- Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің;
- Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың;
- Дана Өмірбайқызы Нұржігітованың;
- Қанатбек Бейсенбекұлы Сафиновтың;
- Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменнің;
- Серікбай Өтелгенұлы Трұмовтың;
- Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттіктері тоқтатылды.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended