Qazaq Air әуекомпаниясының ұшағы Атырауға апатты жағдайда қонған. Бұл туралы әуекомпанияның хабарламасында айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ұшақ Ақтөбеден Бакуге қарай бет алған. Атырауға қону туралы жоспар мүлде болмаған.
«37 жолаушысымен ұшақ 5 ақпан күні Астана уақытымен сағат 19:21-де қонды. Аяқастынан ұшақтың қонуына іштегі жолаушының бірінен қан кету себеп болған. Экипаж алғашқы көмек көрсеткеннен кейін жақын маңдағы әуежайға қону керек деп шешім қабылдаған. Ұшақ қонғаннан кейін жолаушыны жедел жәрдем қызметі келіп алып кеткен», – делінген әуекомпания хабарламасында.Дәл қазір жолаушының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Related news
KASYM-ZHOMART TOKAYEV: The thermal power station of the capital is managed by a lawyer, the thermal transit is managed by an agronomist, and the city water channel institution is managed by a zootechnician.
