Қазақстанның Байқоңыр қаласында Ресей билігі жергілікті тұрғындарға Ресей төлқұжатын таратып жатыр. Бұл туралы ақпаратты MAITANOV_online телеграм арнасына оқырман жіберген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпарат бойынша, Алматыдағы Ресей елшілігі Байқоңыр тұрғындарының азаматтығын өзгерту туралы өтініштерін қабылдағалы жатыр. Сондай-ақ, Ресей азаматтығын алған қазақстандықтардың тізімі бар екені хабарланды.
“Ресей Федерациясының Алматыдағы консулдығы Байқоңыр қаласының тұрғындарынан ата-анасының бірі Ресей азаматы, екіншісі шетел азаматы болып табылатын балаларды Ресей азаматтығына қабылдау туралы өтініштерін қабылдайды. Қазірдің өзінде Ресей азаматтығына қабылданған қазақтардың аты-жөнінің тізімі бар. Ресей билігінің мұндай әрекеттері Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді және Байқоңырда немесе елдің басқа аймақтарында (Шығыс Украинадағы ДХР/ЛПР деп аталатын) сепаратизмнің алғышарттарының туындау қаупін тудырады деп есептеймін”, деп жазылған телеграм арнасында.

He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended