Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын жеңді

3197
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/7c18ba49-3902-4425-929d-76dc2c9c990d.jpeg
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA-500 Mubadala Abu Dhabi Open сайысында бақ сынады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Отандасымыз жарысты екінші айналымнан бастап, әлемнің экс-бірінші ракеткасы, цехиялық Каролина Плишкова жүздесті. Ойын 1 сағат 10 минутқа созылды. Матчта қазақстандық спортшы 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, ширек финалда Рыбакина Беатрис Хаддад-Майя (Бразилия) мен Юлия Путинцева жұбының жеңімпазымен кездеседі. Аталған турнирдің жалпы жүлде қоры 780 637 АҚШ долларын құрайды.
Comments