Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Masters стартында жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ол Индиан-Уэллстегі турнирдің екінші раундтық кездесуінде Australian Open-2020 чемпионы америкалық София Кенинді жеңді.
2 сағат 8 минутқа созылған кездесу 7:6 (8:6), 7:6 (7:5) есебімен аяқталды. Еленада алты эйс, жеті қосарланған қате және жетіден екі орындалған үзіліс ұпайы бар.
Келесі айналымда Рыбакина Нурия Парризас-Диас/Паула Бадоса жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Еске салайық, Индиан Уэллс байқауының жалпы жүлде қоры 8 800 000 долларды құрайды.
Related news
A public discussion will be held in Almaty regarding the construction project of the nuclear power plant
It was reported that the guy, who was upset with his girlfriend, tried to jump from the big road bridge
