Ұлытау облысында Әйтеновтер отбасы дауыс берді

2169
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/e631a39d-a916-4ad6-9a18-af5b9cbbcd29.jpeg
 Облыс орталығы — Жезқазған қаласында Республикалық «Мерейлі отбасы» жобасының қатысушылары Әйтеновтер жанұясы отбасымен келіп өз дауыстарын берді. Олар елімізде өткен бірде-бір сайлаудан тыс қалған емес. Естеріңізге салайық, Республикалық «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының Ұлытау облысынан қатысушылары Әйтеновтер отбасы — металлургтер династиясы. Тау-кен саласындағы әулеттің жалпы еңбек өтілі 442 жылға жетеді. 9 баласы, 36 немересі, 70 шөбересі, 3 шөпшегі бар шаңырақ, шын мәнінде, елге үлгі-өнеге. Ұлытау облысында дауыс беру белсенді жүруде. Бүгінгі сайлауға облыс тұрғындарының көбісі ұлттық киімде келуде. Ұлытау облысында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы жүруде. Азаматтар 19 наурызда сағат 20:00-ге дейін өз дауыстарын бере алады. Өңірде барлығы 134 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Comments