"Қоғамның қайта жаңаруының мерекесі": Смайылов Қазақ елін Наурыз мейрамымен құттықтады

3189
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/img_20220208_181507_557.jpeg
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақ елін Наурыз мейрамымен құттықтады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
"Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғат пен қоғамның қайта жаңаруының мерекесі. Жақсылықтың жаршысы Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын. Әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін! Ұлыс оң, ақ мол болсын!", - деді Әлихан Смайылов.

"Адырна" ұлттық порталы 

Comments